«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ 175 ГА ДЕЙІН КЕҢЕЙТІЛЕТІН БОЛАДЫ
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 175 га дейін кеңейтілетін болады. Бүгінгі таңда құжаттарды салалық министрліктермен келісу жұмыстары жүргізілуде. Кеңейтілген аумақта жалпы құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жобаны іске асыру көзделуде.
«Standard» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 118 га құрайды. Бүгінгі таңда аталған аймақтың 1-кезеңінің (12 га, 27 132 ш.м.) құрылыс жұмыстары 20 пайызы аяқталды. Онда шағын және орта бизнес өкілдері үшін жалға берілетін 25 өндірістік парктер орналастырылатын болады.
Қалада 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,6 трлн теңгеге 224 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 33 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Оның ішінде, 2023 жылы құны 102 млрд теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 357 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал 2024 жылы жалпы құны 257 млрд теңгеге 5 432 жаңа жұмыс орындарымен 52 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
2023-2027 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 320,4 млрд теңгеге 9,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 103 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, 2023 жылы жалпы құны 14,6 млрд теңгеге 633 жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске асырылды.
2024 жылы 86,8 млрд теңгеге 1 772 жаңа жұмыс орындарын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 284 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 869 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 22 – ірі, 45 – орта және 802 – шағын өндірістер. 2023 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 1 051,0 млрд. теңгені (2022 ж.– 967 млрд. тг.) құрап, өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ — 102,7%) 2,7%-ға артты. Есепті кезеңде қала өнеркәсібінің көлемі 1 трлн. межеден асты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім өңдеу өнеркәсібінің 1,7%-ға және сумен жабдықтау саласының 38,4%-ға артуы есебінен қалыптасты. 2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.
