РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 7 453 АДАМДЫ ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Өздеріңізге белгілі әлеуметтік саланың басты мақсаты  – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Шымкентте субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту  жоспарланып, жыл басынан бері  нақты 4 288 адам жолданған. Олар:

  • 170 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 138 адам;
  • 3 554 адам жастар практикасы, нақты 605 адам;
  • 1 910 адам ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 940 адам;
  • 1 031 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы, нақты 897 адам;
  • 20 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы жоспарлануда, нақты 7 адам;
  • 768 адам «Күміс жас» жобасы, нақты 689 адам.

Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан.

Осы ретте ескерте кететін жәйіт, барлық жұмыс берушілерге қазіргі кезде қолайлы автоматтандрылған «Еңбек кз» порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс жасайды. Аталған порталға жұмыс беруші өзінде пайда болған бос жұмыс орындарын енгізе алады. Ал  жұмыс іздеушілер бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне қолайлы, әрі лайықты жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығып немесе жұмыс беруші резюмелерді карап отырып біліктілік талаптары сәйкес келетін мамандармен тілдесіп, жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамтуда қаламызда іске асырылып жатқан концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және жеке кәсіпкерлердің басатамасымен құрылып жатқан жұмыс орындарының орны айырықша. Шымкент қаласында 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, 71 орын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (3 жоба); 2 164 орын Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (16 жоба), нақты 172 адам жұмысқа орналасқан; 20 орын Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (1 жоба); 270 орын Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (11 жоба), нақты 18 адам жұмысқа орналасқан; 300 орын Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (3 жоба); 315 орын Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (79 жоба). 23 342 орын «Шағын және орта бизнеске арналған жеке бастамалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындары, нақты – 2899 (12,4%).