РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2024 ЖЫЛЫ 56,9 МЫҢ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.  2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22%  орындалды.  Оның ішінде:  30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты; 26,4 мың адамды  жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі  – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл  3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде  нақты 602 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданып, 92 адам оқу ваучері бойынша ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделсе, оның ішінде  3 750 адам «Бастау Бизнес» жобасы  шеңберінде оқуға жолданып, 426 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Есепті кезеңде  882 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту  жоспарланып, жыл басынан бері  нақты 4 288 адам жолданған. Олар: 170 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 138 адам; 3 554 адам жастар практикасы, нақты 605 адам; 1 910 адам ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 940 адам; 1 031 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы, нақты 897 адам; 20 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы жоспарлануда, нақты 7 адам; 768 адам   «Күміс жас» жобасы, нақты 689 адам. Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан.