РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАСЫНАН АҒЫП ӨТЕТІН ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНЕ ТОҚСАН САЙЫН МОНИТОРИНГТІК ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынық зертханасы  жерүсті суларына мониторингтік бақылау бойынша бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласының ортасынан  ағып өтетін Қошқар ата өзеніне тоқсан сайын мониторингтік зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Кошқар-Ата өзені, өткен жылы жоспарлы мониторинг бойынша 4 рет зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу  барысында Қошқар ата өзеніне темір жол маңындағы Тиара қонақ үйінің жанындағы белгісіз кәрізден және  ескі қала аумағындағы өзен жағалауында орналасқан тұрғын үйдің (Бостандық көшесі, №27 үй) кәрізінен сарқынды су түсу деректері анықталды.

Сынамаларды химиялық талдау нәтижелері бойынша Қошқар ата өзеніне кәріздерден түсіп жатқан сарқынды су сынамасынан ластаушы заттардың концентрациясы (хлорид, фосфат,аммоний иондары,БПК5, ХПК ) шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кетуі анықталды. Мониторинг нәтижесімен Шымкент қаласы  полиция басқармасына Қошқар ата өзеніне сарқынды, лас суларды  төгіп заң бұзушылыққа жол берген заңды тұлғаға тиісті шара қолдану үшін хат жолданып, заң бұзушылыққа жол берген 2 жеке тұлғаға ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, шара көргені  жайлы жауап алынды.

Мониторингтік зерттеу кезінде  Кочкар-Ата өзені бірінші яғни жоғарғы  нүктемен (Кочкар – Ата өзенінің басы, бұлақ) салыстырғанда соңғы нүктелерде ластаушы заттардың концентрациясы өсуде. Өзен суының сапасына қаланың суару желілерінен төгінділер, сондай-ақ өзен арнасының қаланың тығыз қоныстанған аудандары арқылы өтуі әсер етеді. Қошқар ата өзені суының сапасының нашарлауына өзен жағалауында орналасқан тұрғын үйлердің  кәріз жүйесіне қосылмағаны себеп болып отырғандықтан  Департамент тарапынан Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ескі қала аумағындағы өзен жағалауында орналасқан тұрғын үйлерді кәріз жүйесіне қосуға ықпал етуін сұранып су сынамаларын алу және талдау хаттамаларымен 21.09.2023жылғы      № -04/878-И хаты жолданды.

Кошқар-Ата өзені, 2024 жылы жоспарлы мониторинг бойынша 26 наурызда 21 нүктеден су сынамалары алынып химиялық талдау жұмыстары жүргізілді. Су сынамарының  химиялық талдау нәтижелері бойынша Ордабасы алаңында Қошқарата өзеніне  қаланың ирригациялық желілерінен түсіп жатқан сарқынды судың құрамында оттегінің биохимиялық қажеттілігі (БПК5) көрсеткіші бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан 1,5 есеге асып кетуі анықталды. Қаланың ирригациялық жүйелерінен жаңбыр кезінде өзенге түскен сарқынды сулар Қошқарата өзені суының сапасын төмендетіп, өзен суын ластап отыр. Қаланың ирригациялық жүйелеріне жергілікті тазарту қондырғысы орнату керектігін, өзенге түсіп жатқан сарқынды сулардың  Қошқарата өзені  суын ластап жатқаны жайлы  2020 жылдан бері Департамент тарапынан қала әкіміне бірнеше рет хат жолданды.