РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН КЕШЕНДІ ШЕШУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛҒА 7 ІС-ШАРА БЕКІТІЛГЕН

Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы  23 іс шарадан тұрады. Оның ішінде 2023 жылға — 4, 2024 жылға — 7, 2025 жылға — 8, тұрақты орындалатын 4 іс –шара енгізілген.

Орындалу мерзімі 2024 жылға белгіленген іс-шаралар саны —  7:

  1. Қаланың ірі кәсіпорындарында ластаушы заттар шығарындыларының автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу.

Орындалуда. Шымкент қаласында 4 ірі кәсіпорынға: «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент»  ЖШС-лары және «3-Энергоорталық» АҚ-ға автоматтандырылған өндірістік экологиялық мониторинг жүйесін енгізу міндеттелген. Қазіргі уақытта «Шымкентцемент» ЖШС және                                                         «3-Жылуэнергоорталық» АҚ-да мониторингтің автоматтандырылған жүйесі орнатылып, деректерді уәкілетті органға жолдау үшін байланысқа қосу жұмыстары жүргізілуде; «Стандартцемент» ЖШС-да жабдықтарды сатып алу және орнату жүргізілуде; «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-да жабдықтарды сатып алу үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

  1. Жасыл желектерге төлқұжаттар ресімдеуді жүргізу. Тұрақты түрде мәліметтерді жаңарту мүмкіндігімен реестрлер құру.

Орындалуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 10.04.2023 жылы жекеше әріптестермен түзілген келісім шартына сәйкес, қала аумағындағы жасыл желектердің санын анықтау, есебін жүргізу, заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында жасыл желектерді паспорттау жұмыстары «KAZ ITECH» ЖШС-мен жүргізілуде.

Жасыл желектердің есебін жүргізу мақсатында «KAZ ITECH» ЖШС-мен «zhasylshym.kz» платформасы әзірленді. Қазіргі таңда: 237 түрлі жасыл желектердің 254 012 данасы есептеліп, арнайы ашылған платформаға енгізілді. Жасыл желектерді паспорттау жұмыстарын магистралды көшелерде жыл соңына дейін, ауданның ішкі орам көшелері бойынша 2024 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

  1. Сәуле шағын ауданында саябақ құрылысын салу;  Орындалуда. Сәуле шағын ауданындағы  саябақтың құрылыс жұмыстары 95%   орындалған.
  1. Шымкент қаласы аумағынан ағып өтетін барлық су объектілерінің (Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата, Қарасу ) су қорғау белдеуі мен аймақтарын бекіту.

Орындалды. Басқарма Шымкент қаласының аумағы арқылы өтетін «Бадам», «Қарасу», «Қошқар ата» өзендерінің су қорғау белдеуі мен аймақтарын бекіту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі уақытта су қорғау белдеуі мен аймақтары бекітілді.

  1. Контейнерлерді орната отырып, медициналық, қауіпті қалдықтарды (пайдаланылған шамдар, аккумуляторлық батареялар, термометрлер) және тұрғындардан коммуналдық қалдықтардың басқа да қауіпті компоненттерін бөлек жинауды енгізу.

Орындалуда. Аудан әкімдіктерімен 2023 жылы тағы 50 контейнер сатып алу жоспарлануда.   «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін құрамында сынап бар қалдықтар үшін жыл сайын 50 контейнер сатып алу мақсатында аудан әкімдерімен келіссөздер жүргізілуде.

  1. Коммуналды қалдықтарды сұрыптау бойынша қуаттылықтарды арттыру.

Орындалуда. 2023 жылдың 12 айында ҚТҚ полигонына әкелінген қалдықтардың көлемі 240,745 мың тоннаны құрады, оның 81,904 мың тонна бөлігі сұрыпталды (сұрыптау үлесі — 34%).  Алайда, қалдықтарды сұрыптау жүргізіліп жатқан кәсіпорынның жұмысы тоқтатылған. Сұрыптау қалай жүргізіліп жатқандығы белгісіз.

  1. Қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптарға сәйкес контейнерлер орната отырып, тұрғындардан қауіпті қалдықтарды (пайдаланылған шамдар, аккумуляторлық батареялар, термометрлер) бөлек жинау тәртібін әзірлеу.

Орындалуы. Бұл бағытта жұмыстар басталған жоқ.