ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН КЕШЕНДІ ШЕШУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛҒА 9 ІС-ШАРА БЕКІТІЛГЕН
Өткен жылдың сәуірінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі және Шымкент қаласының әкімімен «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» бекітілген.
Жол картасы 23 іс шарадан тұрады, оның ішінде 2023 жылға — 4, 2024 жылға — 7, 2025 жылға — 8, тұрақты орындалатын 4 іс –шара енгізілген.
Орындалу мерзімі 2025 жылға белгіленген іс-шаралар саны — 8:
- Жеке тұрғын үй алаптарын табиғи газбен қамтамасыз ету. Орындалуда.
- Шымкент қаласында оңтүстік, шығыс айналма жолдарының құрылысын салу, А-2 автомобиль жолын қайта құру. Орындалуда.
- Бәйдібек би даңғылы – Төлеметов көшесі, Бәйдібек би даңғылы — А-2 автомобиль жолы, Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысындағы жолайрық құрылыстарын салу. Орындалуда.
- Шымсити, Тұран шағын аудандарында саябақ құрылысын салу.
Орындалуда. Тұран шағын ауданы саябағының құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
- «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-ның санитарлық қорғау аймағын көгалдандыру мақсатында жер учаскелерін анықтау және заңды түрде ресімдеу.
Орындалуда. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандары тарапынан, Шымкент қаласы «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС аумағын көгалдандыру үшін жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жалпы аталған аумақтан ұсынылған жер телімдері бос емес екендігі анықталды.
«Жасыл белдеу» КММ-сі мұнай өңдеу зауытының іргелес аймағында орналасқан 450 га жер телімін теңгерімге алу бойынша «Азаматтарға арналан үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалымен далалық зерттеу материалдарымен жерге орналастыру жобасы әзірленді. Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылы 22 тамызда №2058 санды жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иелікпен шығару туралы қаулысы қабылданды. Қаулыда көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін қайтару бойынша нұсқамалар толық берілген.
Әрі қарай атқарылатын жұмыстарды айқындау қажет.
- Қошқарата өзенін Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін (I-кезең) және Жангелдин көшесінен Абай даңғылына дейін (II кезең) абаттандыру. Орындалуда.
- Өзендердің бекітілген су қорғау белдеуі мен аймақтарының шекараларын жер кадастрының электронды базасына енгізу;
- Қошқар ата, Карасу, Бадам өзендеріне жауын-шашын суларын тазалаусыз тастауды болдырмайтын нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысын салу. Орындалуы. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталмаған. Тек қана су каналдарын, Қарасу, Қошқар ата өзендерін тұрақты механикалық тазарту жүргізілетіндігі көрсетілуде.
- Қала аумағында жыл сайын 120 мың көшет егу. Орындалуда.
