РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ 15 КӘСІПОРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

Шымкент қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар Ақтас елді мекеніндегі ауданы 34 га қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына (ҚТҚ) жіберіледі. 2023 жылға дейін аумағы 5 га іргелес аумақта «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асырды. 2023 жылдың басынан бастап ҚТҚ полигоны қала әкімдігінің «Шымкент сушар» ШЖҚ МКК балансына берілді. Сондай-ақ, «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС сұрыптау тоқтатылды.

Өткен жылы полигонға 240,745 мың тонна қалдық әкелінсе, оның 81,9 мың тоннасы сұрыптауға бағытталды (34%). Алайда, қалдықтарды сұрыптау арнайы жабдықсыз, қолмен жүргізілуде.

Қала бойынша 2937 контейнер орнатылды. Пластикалық қалдықтарды жинау үшін 205, құрғақ және ылғалды фракциялар бойынша жинау үшін — 250, құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін – 50, нан қалдықтарын жинау үшін – 200 контейнер орнатылса, 2025 жылға дейін құрамында сынап бар қалдықтарды жинау үшін жыл сайын 50 контейнер орнату көзделуде;

Шымкент қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығаруды тасымалдауды 15 кәсіпорын жүзеге асырады, автокөліктің жалпы саны 113. Олардың ішінде 88 бірлік GPS навигаторымен жабдықталған.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрақты түрде тоқсан сайын орындалатын іс-шаралар – 4.

1.Шымкент қ. полиция департаментімен бірлесіп, көлік шығарындыларын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізу. Орындалуда.

  1. Қала аумағында жыл сайын 120 мың көшет егу. Орындалуда.
  2. Қала аумағында бей-берекет қоқыс орындарын жою. Орындалуда.
  3. Кең таралған пайдалы қазбаларды карьерлерде игеру нәтижесінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Орындалуда.

Сонымен қатар, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ҚР Экологиялық Кодекстің 29 бабына сәйкес қала әкімдігі «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын» үш жылдық мерзімге әзірлеп, бөлінетін қаржысымен бірге бекіту  қажет. Іс-шаралар жоспары  бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомаларынан кем емес көлемде бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.

Бүгінгі күні, қалалық жайлы ортаны  дамыту басқармасымен Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде. Департамент тарапынан қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар жолданды.