РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: 22 СТИХИЯЛЫҚ ПОЛИГОНДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ НҮКТЕЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік экологиялық бақылау қызметін жүзеге асырады. Шымкент қаласы бойынша экология департамент тарапынан ЖАО-мен бірлесіп, 22 стихиялық полигондардың пайда болу орындарының қалдықтарын рұқсатсыз орналастыруды жою бойынша шаралар қабылданды, нәтижесінде 22 стихиялық полигондардың пайда болу нүктелері жойылды (Әл — Фараби ауданы — 6, Абай ауданы — 3, Тұран ауданы — 4, Еңбекші ауданы — 4, Қаратау ауданы-5).

«Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингінің деректері бойынша есепті жылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 26 нүкте анықталды.  Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері барлық нүктелерді тазартылды (Абай ауданы – 2, Еңбекші ауданы – 10, Қаратау ауданы – 6 және Тұран ауданы – 8).

Қазіргі таңда, Департаментпен арыз шағымдар негізінде: Жалпы, департаментпен 2023  жылдың 12 айында 24 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде арыз-шағымдар бойынша 20 кәсіпкерлік нысанына, аудан прокуратураларының талап ету хаттары бойынша 4 коммунальдық мемлекеттік мекемелерге жүргізілді. 2023 жылы Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты өткен мерзіммен салыстырғанда тексеру саны 3,2 есе төмендеді; Тексерулер нәтижесінде жалпы 48 әкімшілік іс қозғалып, 44 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 37,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды, 4 іс бойынша ескерту берілді. Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 23 ұйғарым жолданды.

Талап-арыздар бойынша: Департамент төмендегі сот процестеріне қатысуда: экологиялық рұқсат құжатсыз істеген 3 кәсіпорынның қызметі соттың қаулысымен тоқтатылып, айыппұл салынды, 1 әкімшілік іс соттың қаулысымен қысқартылды; рұқсаттарында қарастырылмаған қосымша ластау көздері жұмыс істеген 4 кәсіпорынның қызметі соттың шешімімен уақытша тоқтатылды. Газ тазалау қондырғыссыз жұмыс істеген 2 кәсіпорынның қызметін уақытша тоқтату туралы  талап арыз қанағаттандырылды, кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылды. Жалпы 9 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылды.

Департаментпен 2023 жылы 110 әкімшілік іс қозғалып, оның 101 әкімшілік іс бойынша 48,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, 9 ескерту берілді. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық мемлекет пайдасына өндірілді. Департамент тарапынан 2023 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 13 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 32,2 млн теңгеден астам 29 әкімшілік айыппұл салынды.