ШЫМКЕНТ: СЫРТҚЫ КӨРНЕКІ ЖАРНАМА ҮШІН БЮДЖЕТКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТҮСІМДЕРІ ҰЛҒАЮДА
Жалпы қала аумағында 613 жарнама құрылғылары орналасқан, оның ішінде ЛЭД (монитор) 15-20%, қалған 80% скроллер және басқа құрылғылардан тұрады.
2024 жылы жоспарда 600 млн. жоспарланған 3 айдың қорытындысы бойынша 95млн. 486 196 тенге түсім түскен. Осылайша сыртқы көрнекі жарнама үшін бюджетке жыл сайын түсімдері ұлғаюда.
Заңсыз және заң талабын бұзып салған құрылыстар бойынша мониторинг бойынша, 2024 жылдың 3 айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 66-ға жуық заңсыз құрылыс нысандары анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хатпен жолданған. Олардың заңсыз құрылыс деп танылуының ең басты себептері – құрылыс нысанына сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлемеу және нобайына (эскиз) келісім алмау болып табылады. Қазіргі таңда қаладағы заңсыз құрылыстармен күресу жолдарын оңтайландыру мақсатында, мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған нысандар геоақпараттық порталда кезекші картаға енгізілуде.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге келсек, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, 2024 жылдың наурыз айында жалпы саны – 12 673 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтаруға келсек, ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 2041 жер учаскесіне, 237 нысан бойынша 53 қаулы қабылданған. Жыл басынан бері жалпы алаңы 5,9 га, 35 жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін 585млн 034 808 тг қаржы жұмсалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, 2024 жылдың 3 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан жалпы 5971 кіріс хаттар түсіп тіркелген, оның 3888 арыз-шағымдар болса, 2083 мемлекеттік мекемелер хаттары және 5588 шығыс хатымен тиісті жауаптар беріліп, орындалған. Сонымен қатар, 2024 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының тарапынан I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы Басқармаға қатысты 26 арыз-шағым келіп түскен. Нақтылай кетсек, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 18 (он сегіз) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. 2024 жылдың наурыз айында жалпы саны – 12 673 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
