2024 ЖЫЛҒА ҚАЛА АУМАҒЫНДА 1 086 000 ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛГЕН
Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 086 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген. Жылдың 3 ай қорытындысы бойынша тұрғын үйлер пайдалануға 135000 ш.м. қабылданды, яғни бекіткен жоспарлар орындалуда.
Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының негізгі атқаратын функционалды қызметінің бірі болып Шымкент қаласы аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн және Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалануға, жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу болып табылады.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен жобалық кеңседе бекітілген 3 индикатор, яғни бас жоспар, геопортал, бюджет, тұрғын үйлерді есепке алу және I-komek бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда. Осы аталған 3 индикатор мен Басқарманың басқа да тұрақты атқарып жатқан жұмыстарының 2024 жылдың 3 айындағы нәтижелеріне келсек: 2024 жылдың 3 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан жалпы 5971 кіріс хаттар түсіп тіркелген, оның 3888 арыз-шағымдар болса, 2083 мемлекеттік мекемелер хаттары және 5588 шығыс хатымен тиісті жауаптар беріліп, орындалған. Сонымен қатар, 2024 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының тарапынан I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы Басқармаға қатысты 26 арыз-шағым келіп түскен. Сондай-ақ, аталған арыз-шағымдарға Басқарма тарапынан тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 100% мерзімінде, әрі сапалы мәліметтермен толықтай жауап берілген.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды және 5 әкімшілік аудандарға бөлінген. 2024 жылғы Басқармаға бөлінген қаражат мөлшері 5 млрд. 563 млн. 189 мың теңге бөлініп, наурыз айындағы жоспарға сәйкес қаражаттың игерілгені яғни 99,98 %-ды құрайды.
2024 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 8 (жергілікті орган 7, Астана қаласымен — 1) компания бар. Сонымен қатар, қазіргі таңда қолданыста 2024 жылы үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 15 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде, ал біріңғай оператормен рұқсат алған 6 құрылыс компаниясы қолданыста жұмыс жүргізіліп жатыр.
