РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЫ

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға жоспарымен бөлісті.

Мониторингтеу нәтижесінде 27 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталды. Шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы интернет сапасын мониторингтеу тапсырмасы берілген болатын Нәтижесінде, 27 аумақта  интернет сапасының төмендігі анықталды. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы орнатылып оның 13 не базалық станция орнатылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан 28 нүктеге антенна-мачталық құрылғыларды салу және олардың 7 де монтаждау жұмыстары атқарылуда.

Мобильді интернеттен бөлек жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп 210 000 ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынды 2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілді.

Танымал қызметтердін бірі өңірлік геоақпараттық жүйеде 12 қызмет түрі көрсетілуде. 2023 жылы жалпы 167 мемлекеттік қызмет түрі  қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылы  170 қызмет түрі бекітіліп, 2 қызмет түрі ҚР Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес қағаз жүзінде белгіленгені анықталды және 6 жаңа мемлекеттік қызмет түрі қосылды.  Аталған 170 мемлекеттік қызмет түрінен 6 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған. Ағымдағы жылы 2 мемлекеттік қызмет әкімдік тарапынан элекетронды форматқа көшетін болса, 1 қызмет түрі ӨГАЖ порталында пилотты түрде  іске асырлды.

Санаториялық-курорттық жолдама жобасы пилотты түрде іске асырылды. Бұл жоба Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды.

«i-Kolik» мобильді қосымшасына балама ретінде «2ГИС” бағдарламасында жаңа функция енгізілді.  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына жаңа функцияіске қосылды. Енді тұрғындарда қоғамдық көліктердің бағыттарын қадағалу мүмкіндіктері бар. Қосымшада тағы жоба іске асырылды. Жедел қызмет көрсету салаларының бірыңғай байланыс номерлері мен тиісті мекен-жайға қарасты бөлімдердің ақпаратын ұсынатын тармақ қол жетімді.

2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше жұмыстар жоспарлануда.

-«Astana Hub» филиалын Шымкент қаласында ашылуы.

-Ақылды бағдаршам – интеллектуалдық көлік жүйесі.

-109 —  Біріңғай байланыс орталығының ақпараттық жүйесін  жаңғарту.

-Контейнерлік аландарды цифрландыру және бақылау. Нақты режимде бейнебақылау камера арқылы деректерді алу және мониторинг. Ол өз кезегінде IT саласын карқынды дамуына септігін тигізеді.