ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША БІРНЕШЕ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРЛАНУДА
Шымкент 2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше жұмыстар жоспарлануда.
- «Astana Hub» филиалын Шымкент қаласында ашылуы. Ол өз кезегінде IT саласын карқынды дамуына септігін тигізеді.
- Ақылды бағдаршам – интеллектуалдық көлік жүйесі. Ақылды бағдаршамның тиімділігі — жазатайым оқиғаларды азайту жəне жол қауіпсіздігін арттыру, жабдықталған қиылыстардың өткізу қабілеті мен қиылыстардағы орташа жүру жылдамдығын арттыру болып табылады.
«Сонымен қоса Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына қаламыздағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған мобильді қосымшада қоғамдық көліктердің бағыттарын қадағалуға мүмкіндіктер бар.
109 — Біріңғай байланыс орталығына 2023 жылы 241 206 түскен арыз шағымдар жұмыстық тәртіппен орындалып, 3761 арыз шағым ағымдағы жылы жұмыстық тәртіппен қаралуда. Өзекті арыз шағымдар ішіне қоғамдық көлік, қалалық жарық жүйелері, қатты тұрмыстық қалдық болып табылады.
Цифрлық трансформация бөлімі ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалана отырып, цифрлық шешімдерді енгізеді. Осылайша Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша бірнеше жұмыс атқарылды. Танымал қызметтердің бірі өңірлік геоақпараттық жүйеде 12 қызмет түрі көрсетілуде, 2023 жылы жалпы 167 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылы 170 қызмет түрі бекітіліп, 2 қызмет түрі ҚР Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес қағаз жүзінде белгіленгені анықталды және 6 жаңа мемлекеттік қызмет түрі қосылды.
Аталған 170 мемлекеттік қызмет түрінен 6 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған. Ағымдағы жылы 2 мемлекеттік қызмет әкімдік тарапынан элекетронды форматқа көшетін болса, 1 қызмет түрі ӨГАЖ порталында пилотты түрде іске асырылды.
Бүгінде санаториялық-курорттық жолдама жобасы пилотты түрде іске асырылды. Бұл жоба Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды. Аталған қызмет 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізілді.
