РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: ӨҢІРЛІК ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ 12 ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛУДЕ

Цифрлық трансформация бөлімі ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалана отырып, цифрлық шешімдерді енгізеді. Осылайша Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша бірнеше жұмыс атқарылды. Танымал қызметтердін бірі өңірлік геоақпараттық жүйеде 12 қызмет түрі көрсетілуде:

— Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

-Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

— Эскиздік жобаны келісу;

— Жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру кәдеге жаратудан кейінгі объектілерді (құрылыстарды бұзу);

— Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру;

— Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

— Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама;

-Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

— Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

— Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

— Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы немесе бөліп төлеуге сату;

— Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау қызметтері автоматтандырылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы 170 мемлекеттік қызмет түрі электронды түрде қызмет көрсетіліп, ағымдағы жылы  жалғасын табуда. Атап айтқанда,   Санаториялық-курорттық жолдама жобасы. Бұл жоба Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды.

Аталған қызмет 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізілді.

2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше жұмыстар жоспарлануда.