РУС ENG
4 ноября, 2026

2024 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАР БОЙЫНША ҚАУІПСІЗДІКТІ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 3000 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛУЫ ТИІС

Қала аумағында барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Атап айтқанда: жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қиылыстарда 877 бейнебақылау камералар және қаланың желілік учаскелерінде 800 камера қолданыста. Ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бейнебақылаудың 1500 айналмалы камерасы бар.

Өткен жылғы жоспар бойынша қала аумағына 1500 дана бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс еді. Алайда, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде бейнебақылау камерасын орнатату бойынша жасалған шарттың міндеттемелерін орындау тоқтатылды.

2024 жылғы жоспар бойынша қауіпсіздікті одан әрі дамыту мақсатында 3000 бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс. Оның ішінде 1500 бейнебакылау камерасы бекітілген бюджет бойынша, қалған 1500 бүгінгі таңда қосымша нақтылау процессінде.

Ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімі тарапынан 2023 жылы келесі жұмыстар атқарылды:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес және қала әкімімен бекітілген АҚ талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жоспарына сәйкес 23 басқармада және аудан әкімдіктерінде тиісті жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген мониторинг барысында 1024 жұмыс станциялары (компьютерлер, моноблоктар және ноутбуктар) тексерілді.

Нәтижесінде 58 (16%) жұмыс станциясында операциялық жүйелердің ескі нұсқалары орнатылған және 125 (35%) комьютерде вирусқа қарсы бағдарлама орнатылмаған. Сондай-ақ, 122 (34%) жұмыс станциялары интернет желісіне қосылған.

2024 жылғы жоспар бойынша бөлім тарапынан әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелерде 12 серверлік және 16 кросстық
үй-жайлардағы жабдықтарды қажеттілігіне қарай жаңартуы жоспарда. Сонымен қатар, аудан әкімдіктеріне және әкімдік ғимаратынан тыс отыратын басқармаларға келесі жұмыстар атқарылатын болады:

  • серверлік және кросстық үй жайларға кіру/шығу бақылау «СКУД» жүйесін орнату;
  • Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына DLP (Data Loss Prevention) жүйесін орнату;
  • Firewall ақпараттық бағдарламалық қамту жүйесін орнату;
  • Active Directory (AD) — мекеменің желідегі ресурстарды сәйкестендіру мен қол жеткізуді басқарудың орталық жүйесін орнату;