РУС ENG
4 ноября, 2026

ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ 147 МЕКТЕПТЕГІ ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 150 МБ/СЕК КӨТЕРІЛДІ

Қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторингтеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын. Осыған орай, қаладағы 143 білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді. Мониторингтеу нәтижесінде 135 мектебі «Қазақтелеком» АҚ –мен, 6 мектеп жеке компаниялар арқылы келісімшартқа отырғандығы анықталды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мектепте қайта конкурс жарияланған.

Мониторингтеу нәтижесінде: 10 мектеп 80 — 100 мб/сек аралығында интернет жылдмадығына қосылған. Оның 4 мектебінде келісім шартқа сай еместігі анықталып, арнайы акт түзелді. Қалған 6 мектеп келісім шартқа сай. 75 мектеп 30 — 80 мб/сек аралығында интернет жылдмадығына қосылған. Оның 10 мектебінде келісім шартқа сай еместігі анықталып, арнайы акт түзелді. Қалған 65 мектеп келісім шартқа сай. 40 мектеп 20-30 мб/сек жылдамдықта интернетке қосылған. Оның 10 мектебінде келісім шартқа сай еместігі анықталып, арнайы акт түзелді. 18 мектеп 10-20 мб/сек төмен жылдамдықта интернетке қосылып келісім шартқа отырған.

Жалпы тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде, білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және барлық мектептердегі интернетті 150 мб/сек тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек  көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған.

Қоғамдық орындарды тегін вай-пай желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында қала аумағындағы 25 қоғамдық орындарға 70 wi-fi құрылғылары орнатылатын болады. Қазіргі таңда, аталған құрылғыларды орнату үшін мемлекеттік ашық конкурс өткізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басты миссиясы экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу және цифрлық жобаларды әзірлеу. Осы жұмыспен 4 бөлімнен тұратын (цифрлық трансформация, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, бизнес процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімдері) 12 мемлекеттік қызметкер айналысады.