210 000 ҒА ЖУЫҚ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖОҒАРҒЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛУҒА МҮМКІНДІК ЖАСАЛЫНДЫ
Шымкент қаласында мобильді интернеттен бөлек жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 19 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді. Бүгінде, елді мекендер тізімі бекітіліп, оның ішінде 14 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілді. Олар: Мирас ш/а, Шапағат ш/а, Самал-1 ш/а, Кіші Самал ш/а, 112 орам, Ұлағат ш/а, Агропром ш/а, К.Маркс ш/а, Асар-2, Бозарық, Бозарық с/ж, Тұран ш/а, Ынтымақ-1, Қайнарбұлақ саяжай, Оңтүстік ш/а, Нұршуақ, Айқап, Шаңырақ шағын аудандарында оптика желісін тарту жұмыстары жүргізіліп 210 000 ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынды.
2024 жылы 28 аумақта мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникацялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.
«Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шалғай орналасқан елді мекендер мен шағын аудандардағы интернет сапасын мониторингтеу тапсырмасы берілген болатын. Тапсырмаға сәйкес елді мекен мен шағын аудандарға басқарма және өңіраралық байланыс инспекциясымен мониторнгтеу жұмыстары жүргізіліп 27 аумақта интернет сапасының төмендігі анықталды. Мониторингтеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумаққа антенна-мачталық құрылғы орнатылып оның 13 не базалық станция орнатылды. Өткен жылы 28 аумаққа базалық станция орнату жұмыстарын жоспарлап, бүгінде 28 нүктеге антенна-мачталық құрылғыларды салу және олардың 7 де монтаждау жұмыстары атқарылуда.
Аталған жұмыстар 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін аяқталып 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады»,-деді М.Кемелов.
Одан бөлек «Kcell» АҚ бірлесе 5G технологиясымен 135 базалық станция орнатылса, 91 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ал, «Кар-Тел» ЖШС тарапынан интернет сапасы төмен 28 жерге базалық станция, 22 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды.
2024 жылы «Кар-Тел» ЖШС бірлесе 15 жерге базалық станция орнату жоспарға енгізілді. Бүгінгі таңда, бос жер телімдерін анықтау жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, «Kcell» АҚ бірлесе 30 нүктеге жаңа технологиямен 2 мақсатты антенна-мачталық діңгектерді орнату және оларға базалық станцияларды орнату жоспарға енгізілген.
