ШЫМКЕНТ: 29 НҮКТЕДЕ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖОҒАРЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шалғай орналасқан елді мекендер мен шағын аудандарды сапалы интернет желісімен қамту тапсырмасы берілген болатын. Осыған сәйкес басқарма мобильді байланыс операторларымен бірлесе 2023 жылы 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстарын жоспарлап, бүгінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды салу және оларға базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Олар: Құрсай, Сәуле, Қызылжар,Құрсай (Агроферма), Орманшы, Қайнарбұлақ (саяжай) Ынтымақ-1, Оңтүстік, Қарабастау, Асар-2, Қайнарбұлақ (саяжай), Қайнарбұлақ (саяжай), Нұршуақ, Бозарық (саяжай аумағы), Береке, Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс) Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс), Достық, Игілік, Тұран, Достық (жаңақұрылыс), Пахтакор, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Наурыз, Достық (жаңақұрылыс), Асар-2, Пахтакор.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін жоғарыда көрсетілген 29 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Әкімдіктен бөлек «Kcell» АҚ 135 базалық станцияны 5G технологиясымен, 91 станцияны 4G технологиясымен және 91 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізілді. Ал, «Кар-Тел» ЖШС тарапынан интернет сапасы төмен 28 жерге базалық станция, 20 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды. Ал, ағымдағы жылы, «Кар-Тел» ЖШС бірлесе 15 жерге базалық станция орнату жоспарға енгізілді. Бүгінгі таңда, бос жер телімдерін анықтау жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, «Kcell» АҚ бірлесе 30 нүктеге жаңа технологиямен 2 мақсатты антенна-мачталық діңгектерді орнату жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда, 6 нүктеге діңгектер орнатылды. Жыл соңына дейін қалған 24 нүктеге мачталық құрылғылар мен базалық станциялар орнатылып интернет сапасының жақсаруына әсерін тигізетін болады.
Айта кетейік, Цифрландыру басқармасының басты миссиясы экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу және цифрлық жобаларды әзірлеу. Осы жұмыспен 4 бөлімнен тұратын (цифрлық трансформация, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, бизнес процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімдері) 12 мемлекеттік қызметкер айналысады.
