РУС ENG
4 ноября, 2026

«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНА СӘЙКЕС ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНДАРМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ТОЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес қала тұрғындарын экологиялық науқандармен қамту  көрсеткіші толығымен орындалды. Жоспар: 214 893 (20%). Орындалуы: 549 820 (51,10%). Атап айтқанда, жыл басынан бері қаламызда сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылды.

Өткен жылы экологиялық рұқсат алу үшін 52 өтінім тапсырылып, оның ішінде: 42 өтінімге рұқсат берілді, 10 өтінім кері қайтарылды. Ал, Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін 195 өтінім тапсырылып, оның ішінде: 77 өтінімге қорытынды берілді, 118 өтінім кері қайтарылды. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде 149 қоғамдық тыңдау өткізілді.

Атмосфералық ауаның жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2021 жылы 10 дана автоматты станциялар орнатылды. Қазіргі таңда, қала аумағындағы зиянды иіс шығу фактілері Шымкент қаласы бойынша Экология департаментіне тұрақты түрде жолдануда. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес қала тұрғындарын экологиялық науқандармен қамту  көрсеткіші толығымен орындалды. Жоспар: 214 893 (20%). Орындалуы: 549 820 (51,10%). Атап айтқанда, жыл басынан бері қаламызда сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға әкелетінін атап өткім келеді. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан 7 каналда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда,  «БМК», «Сасық-1», «Сай ниже водопада», «Шапырашты», «Шымкент», «Көк», «Чумчак» каналдары. «БМК» каналында 98%, «Сасық-1» каналында 96%, «Сай ниже водопада» каналында 95%, «Шапырашты» каналында 95%, «Көк» каналында 75%, және «Чумчак» каналында 95% құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді.

«Қошқар-ата» өзенін (Ордабасы алаңынан Жангельдин көшесіне дейін) абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар 100% аяқталды. Сәуле шағын ауданындағы саябақтың құрылысы жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, «ГрадСтройСервис» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Аталған нысандағы жұмыстар 95% құрайды. «Кілт» гулзарының құрылыс монтаждау жұмыстары сот процессінің жүргізілуіне байланысты, тоқтатылып, келісім шарт бұзылды. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлардан оқшаулау үшін Бадам өзенінің 6 учаскедегі жағалауды қорғау бөгеттерінің жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Толағай-2050» ЖШС-і болып анықталды.

Қаланың 8 магистральды көшелеріне ирригациялық лотоктарды орнату, алмастыру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, Түркістан, Майлы қожа, Алпысбаев, Өтегенов, Қазына, Құрманбеков, Аймауытов, Колхозная көшелерінде жұмыстар жүргізіліп, толығымен аяқталды.