ШЫМКЕНТ: 443 МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕЛЕРДЕГІ АҒАШТАР ТОЛЫҚ САНАЛЫП, ZHASYLSYM.KZ ПЛАТФОРМАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы магистралды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары бюдет қаражатынсыз жекеше әріптестер есебінен жүргізілді.
Жасыл екпелердің автоматтандырылған платформа жүйесі құрылып (zhasylsym.kz), жасыл екпелер қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Онда жасыл екпелердің түрі, диаметрі, биіктігі, жай-күйі интерактвті картада орналасады.
Жобаға сәйкес, қала аумағындағы барлық (магистралды көше, ішкі орам көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулалары, жеке секторлар) ағаштары саналып, тізілімі жасалынады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.
Орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан 2500 ге жуық жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылған.
Орталық көшелер маңыздылығына қарай 3 санатқа бөліп тазартылды.
I санаттағы көшелер 67 көше (Абай ауд.-12 көше, Әл-Фараби ауд.-14 көше, Еңбекші ауд.-12 көше, Қаратау ауд.-14 көше, Тұран ауд.-15 көше.),
II санаттағы көшелер 157 көше (Абай ауд.-31 көше, Әл-Фараби ауд.-35 көше, Еңбекші ауд.-30 көше, Қаратау ауд.-24 көше, Тұран ауд.-37 көше.),
III санаттағы көшелер 219 көше (Абай ауд.-37 көше, Әл-Фараби ауд.-60 көше, Еңбекші ауд.-41 көше, Қаратау ауд.-37 көше, Тұран ауд.-44 көше.).
Қаланың орталық көшелерін тазарту жұмыстарына төмендегі негіздемелерге сәйкес ұйымдастырылуда:
- Тазалық жұмыстарын жаз айларында екі ауысымнан үш ауысымға ауыстыру (I ауысым 06:00-12:00, II ауысым 12:00- 18:00, III ауысым 18:00-00:00) арқылы қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту.
- Ауа райының жауын шашын күндері ирригациялық арықтарының су өткізгіш қабілеті төмендеп, жекеленген жерлерде су жиналуын болдырмау мақсатында әр ауданда мердігер мекемелермен 20 адамнан құралған ирригациялық тазалау тобы құрылып, аталған топ қала аумағындағы ирригациялық жүйелердің жай күйлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
- Әр мекеме тарапынан орталық көшелерді тазалауға әр ауданда 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамаларды, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.
Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көшелер бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда.
