РУС ENG
4 ноября, 2026

ГАЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР АРҚЫЛЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМАЛАРДЫ ҮЙМЕ ҮЙ ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕГЕ ҚОЙЫЛҒАН

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметеркелері және аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармалары, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының «Еріктілерінің»  қатысуымен қала тұрғындарына  тұрақты түрде газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде: Бүгінгі таңда жыл басынан бері басқармамен көшпелі жиындар — үгіт насихат жұмыстары — 85, мақала,  пост — 101, сұхбат телеканал — 9, кездесу, дөгелек үстел жиналыстар – 27, ВДГО мекемелерімен кездесу — 20, Брифинг — 4, арнайы әзірленген 55 100 дана жадынама таратылды. Бұл жұмыстар бойынша БАҚ-та, инстаграм, фейсбук әлеуметтік  желілерінде тұрақты түрде жариялануда.

Үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелері бойынша Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, ВДГО мекемелері бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады. Тұрғындардың өтініштерін үнемі бақылау жасау мақсатында ВДГО мекемелері, 109  I-көмек және Шымкент қаласының қалалық  орта сапасы және бақылау басқармасымен орталықтырылған чат құрылып, жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, «КазТрансГазАймақ» АҚ-нің ШӨФның фронт офисінде келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы әзірленген видео ролик таратылуда. Газ бақылаушылар арқылы (контролеры газа) қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме үй тарату жұмыстары жүйеге қойылып, атқарылуда. Қала аумағында газ қауіпсіздігін сақтау бойынша бейнеролик және жадынамалар  мемлекеттік мекемелерге жолданып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарқатылуда.

Қаланың 15 сырт көшесіне Жібек жолы (Пахтакор), Сайрам (Долорес), Төлеби (әскери ком.), Республика (Колос), Темірлан (Алаш базар), Төлеметов (Қайтпас), Бәйдібек би (дендросаябақ), Рысқұлов (Самал), Бәйтереков (Нұртас), Гагарина (крытый рынок), Тәуке хан (Жеңіс саябағы), Ақназар хан (трол.парк), Аймауытова (Айна базар) Алматы тас жолы (Самал-3), Арығынбеков көшесі (Самал 2) «Жақындарыңыздың өмірі қымбат болса, улы газдан сақтан» атты баннерлер орнатылды.