ҚАЛАДАҒЫ ЖАЛПЫ ЛИФТІЛЕР САНЫ – 751
Қаладағы жалпы лифтілер саны – 751
Оның ішінде:
-Тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны — 605
-Денсаулық сақтау мекемелерінде- 55
-Білім беру басқармасына қарасты мектептерде- 37
-Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде-54.
ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан 78 лифтілерге комиссиялық сынақтар өткізілді және 64 лифт тіркеуге қойылды. Бүгінгі таңда жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» арқылы жүргізілуде.
Жүк көтергіш құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін, «Айкөмек 109» бірыңғай байланыс орталығымен интегерацияланған.
Жыл басынан бері Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 746 хабарлама басқарма реестрінде тіркелді. Жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан — 781 хабарлама тіркелген. Бюджеттік қаражат есебінен — 146 хабарлама тіркелсе, жеке қаражат есебінен — 635 хабарлама. Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 1358 өтініш түскен. Оның 449 өтініші оң қараумен қаралған.
Ағымдағы жылы жалпы 90 құрылыс нысандарына қатысты тексеру тағайындау актілері ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілген.Тексеру нәтижелерінде 79 құрылыс нысандарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл басынан бері жалпы 296 құрылыс объектілері бойынша 754 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Олардың ішінде заңсыз құрылыстарға қатысты – 233 объекті, сапасына қатысты – 47 объекті, үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша – 17 объекті. Жалпы айыппұл саммасы 172 362 160 теңге. Оның 144 210 660 теңге айыппұл өндірілген. Сот орындаушыларға 11 178 000 теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіруге жолданды.
Заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстары бойынша: 233 құрылыс объектілері бойынша 674 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жалпы айыппұл соммасы – 127 182 100 теңге. Өндірілген айыппұл соммасы – 108 518 100 теңге. Құрылыс сапасы бойынша: 47 құрылыс объектілері бойынша 64 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жалпы айыппұл соммасы – 31 311 060 теңге. Өндірілген айыппұл соммасы – 23 893 560 теңге.
