ҚАЛА БОЙЫНША ТІРКЕЛГЕН БАСҚАРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САНЫ 100% ҚҰРАЙДЫ
Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні қала аумағында
- 2236 көпқабатты тұрғын үйлер
- 1823 басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер
Қала бойынша:
— 124 – мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ)
— 1699 — жай серіктестік (ЖС) құрылған.
— 1823 — басқару нысанын жалпы тіркелген саны.
Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 100% құрайды.
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен жол карталарына сәйкес:
— Кондоминиумды басқару жүйесін таңдау 100% орындалған.
— Кондоминиум нысандарының жер актісін рәсімдеу мақсатында аудан әкімдіктер тарапынан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 64 432 мың тенгеге өтінім беріліп, қалалық мәслихатының сессияда бекітілді.
-«Е-Шаңырақ» республикалық ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарын енгізу жұмыстары 100% аяқталды.
— Заң талаптарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілді.
— «EASY project» Республикалық бағдарламасына бекітілген жол карталарына сәйкес кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыс туралы тиісті мәліметтер Шымкент қаласы бойынша енгізіліп отыруда.
Тұрақты негізде аудан әкімдіктерімен бірлесіп қала тұрғындары арасында мүлік иелері бірлестіктерінің институтын енгізуді реформалауды насихаттау, сондай-ақ БАҚ, ТВ, интернет ресурстар және басқа да құралдар арқылы жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде және заңға тәуелді актілер яғни НКА (нормативтік құқықтық актілер) қабылдануы ҚР жауапты министрліктер тарапынан НКА жобасы дайындалуда.
Айта кетейік, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметтерді жүзеге асыру үшін, 2023 жылы 25 лицензия берілді, сонымен қатар басқа өңірлерден келіп заңды мекен-жайлары немесе мекемелердің атаулары өзгеруне байланысты 171 лицензия қайта рәсімделді. Ал, құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін жыл басынан 50 сарапшылардың аттестаты берілді.
