ШЫМКЕНТ: ЕСЕПТІК КЕЗЕҢДЕ 81 ЕЛДІ МЕКЕН ТОЛЫҚ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН
2023-2025 жылдары 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай, Сауле, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдікұлов айтты.
Есептік кезеңде 81 елді мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған, бүгінде қаладағы электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрайды. 2023 жылы сапалы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелерінің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан елді-мекендерінің ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Ал қалған 2 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
2023-2025 жылдары 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай, Сауле, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару жоспарланып отыр.
Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары 2024ж. өтпелі. Нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталып, 37 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 99% — ға дейін өсті.
Кәрізбен қамтамасыз ету жұмыстарына келсек, қаладағы 81 елді мекеннің 26 елді мекені кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 55 шағын аудан қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 8 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) . Жыл қорытындысымен 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
