РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨРСЕТКІШІ 99% — ҒА ДЕЙІН ӨСТІ

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші                  98,5% — дан 99% — ға дейін өсіп отыр. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдікұлов  айтты.

Өткен жылы Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші және жаңа құрылыс аудандарында орналасқан 6 нысанға  құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болып отыр.

Нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталып, 37 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші                  98,5% — дан 99% — ға дейін өсіп отыр.

Сонымен қатар, қаладағы 81 елді мекеннің 26 елді мекені  кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 55 шағын аудан кәріз жүйесімен  қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда; Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор, 8 ішкі орамдық жүйенің Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га. Жыл қорытындысымен 4 нысанның яғни Тассай,  Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.

2024 жылы 8 нысанның құрылысы жүргізілетін болады. Олар:Тұран коллектор, Шымсити, Айқап, Нұртас, Мирас, СолтүстікБатыс (абоненттеу жұмыстары), Солтүстік Батыс (21 көше), Қайтпас-1 (абоненттеу жұмыстары) шағын аудандары. Жобалық сметалық құжаттамалар жүргізілетін нысандар:Жібек жолы-Байдібек би коллектор, Жайлау, Қорғасын-1,2, Қатын көпір, Тельман, Агропром, Ақниет шағын аудандары.