РУС ENG
4 ноября, 2026

ҚАЛА АУМАҒЫНДА БҮГІНГІ ТАҢДА 30 БАЗАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласы аумағында орналасқан базарларды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында бүгінгі таңда 30 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 13, мамандандырылған – 17.

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабының  2-3-тармағы базарларды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді және модернизациялауды талап етеді. Талаптарға сәйкес қала аумағында 19 базар модернизациялауға жатады.

Бүгінгі таңда, 15 базардың модернизациялау жұмыстары аяқталған. Олар: «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Ынтық ата», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна».

Сонымен қатар, 4 базар бойынша («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарын жүргізу туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігімен 2023 жылғы 30 наурызында Жол картасы бекітілген. Жол картаға сәйкес («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарының аяқталуы 2024 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қаладағы ретсіз сауда ошақтарында ретсіз сауданы жою мақсатында қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Жыл басынан қала аумағында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі)
204-бабына сәйкес, 2023 жылдың 12 айында 4 631 хаттама толтырылды, оның ішінде 4 002 ескерту, 10 436 250 теңге айыппұл, өндірілгені 6 444  млн теңге.