РУС ENG
4 ноября, 2026

«КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

Шымкент қаласында жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында өткен жылға 20,6 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,9 млрд. теңге. Жалпы 2023 жылы 20,6 млрд. теңгеге 3 738 жобаға қолдау көрсетілді.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, 3 498  жобаға (оның ішінде 1 096 жаңа жобалар) қолдау көрсетілді. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 18 686,4 млн. теңгеге 3 113 жобаға;            (711 жаңа жобалар); банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 1 129,2 млн. теңгеге 385 жобаға.

«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2023 жылға 765,4 млн. теңге бөлініп,  240 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: шағын несиелендіру бойынша 215 жобаға 669,7 млн. теңгеге; өндірістік алаңдарының жалдау ақысын өтеу бойынша             25 жобаға 95,7 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша, Шымкент қаласында 2023 жылдың қорытындысымен                 128,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 21,4 мың бірлік, жеке тұлғалар –    100,3 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,8 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 16,4%-ға өсім көрсетті. 2023 жылдың 3-тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 227,5 мың адамға жетіп,                         2022 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 1,86 трлн. теңгені құрап, алдынғы жылдың сәйкес кезеңіне 23,2%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50,5%-ға жетті.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 836,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,8% құрады. Аталған көрсетішке жаңадан ашылатын сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы («Otau Mart», «Shymkent Mall», «Мариям», «Азат», «Мұрат»), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Toyota Center», «Тамерлан Моторс», «Avto logistics Prodist», «Auto logistics Product»), жаңа сауда нүктелері («GraMad» гипермаркеті) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілді. Көтерме сауданың көлемі 1 565,4 млрд теңгені құрады немесе 102,2% құрады. Жалпы сауда көлемі 2 408,1 млрд теңгені немесе
107,5% пайызды құрады.