РУС ENG
4 ноября, 2026

«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ЖОБА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

«БОЗАРЫҚ» индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта 49,6 млрд теңгеге 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 25 жобалар пулы әзірленді. Қазіргі таңда, жалпы құны 23,8 млрд теңгені құрайтын 4 жоба орналастырылды.

Индустриялық аймақтың негізгі мақсаты тамақ өнеркәсібіндегі терең өңдейтін импорт алмастыратын жобаларды қолдау.

Бүгінде, аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 80 пайызға аяқталды.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2023 жылға жалпы                        7 нысаналы индикатор белгіленген:

Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында                    7 нысаналы индикатордың 2023 жылдың қорытындысымен орындалуы келесідей.

  1. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2023 ж. 12 айында 919,0 млрд теңгені құрады. (Жылдық жоспар – 767 млрд. тг.). Индикатор 19,8%-ға артығымен орындалды.
  2. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің жоспары 70 мың тонна болса, нақты 57,8 мың тоннаны құрады. Индикаторға қол жеткізу «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС және «HILL Corporation» ЖШС есебінен жоспарланған. «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-ның өндіріс көлемі Шымкент мұнай өңдеу зауытының өніміне тікілей байланысты. Алайда, мұнай зауытында жүргізілген жөндеуге және өндірістік факторларға байланысты «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-не шикізат жеткізу көлемі қысқартылып, өндірілген өнімнің көлемі төмендеген.
  3. Негізгі капиталға инвестицияларының көлемі 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 3,2 есеге өсті. (Жылдық жоспар — 194%).
  4. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» индикатор бойынша 2023 жылы 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл қорытындысымен «ПроТек-МП» ЖШС, «KAZVOD INVEST» ЖШС, «Ultra Technology» ЖШС және «ЭКО-ФАРМ» ЖШС іске қосылды. «Эко-Фарм» ЖШС-ның медициналық бұйымдар өндірісі жобасы желтоқсан айында іске қосылатын болады (іске қосу актісін алу бойынша жұмыстар жүргізуде).
  5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2023 жылғы 6 айдың қорытындысымен 9,3 пайызды құрады. (Жылдық жоспар – 10,0%). Индикатордың статистикалық деректері тоқсан сайын жарияланады және бір тоқсан кешігіп жүреді. Жылдың корытындысымен көрсеткіш орындалады деп болжануда.