САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 136 ГА КЕҢЕЙТІЛДІ
Қаладағы жаңа өнеркәсіптің алаң саналатын Сауда-логистикалық орталығы 136 га кеңейтілді. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, жеткізуші автомобиль жолының жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеп, сараптама қорытындысы алынды.
Су және электр жүйелеріне жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бұдан басқа, газбен жабдықтау және темір жолдар бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік сараптаманың қарауына жіберіледі. Аталған аймақта жалпы құны 24,9 млрд теңгені құрайтын 23 жобаның пулы жасақталды. Оның ішінде, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС – алкогольсіз сусындар мен қойма өндірісі жобасының құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Іске асырылу мерзімі — 2024 жылдың мамыр айы.
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 869 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 22 – ірі, 45 – орта және 802 – шағын өндірістер. 2023 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 1 051,0 млрд. теңгені (2022 ж.– 967 млрд. тг.) құрап, өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ — 102,7%) 2,7%-ға артты. Есепті кезеңде қала өнеркәсібінің көлемі 1 трлн. межеден асты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім өңдеу өнеркәсібінің 1,7%-ға және сумен жабдықтау саласының 38,4%-ға артуы есебінен қалыптасты. 2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда. 2023 жылдың 12 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 724,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестциялар көлемі 127 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 597,3 млрд теңгені құрады.
2024 жылы 800 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10,4 %-ға артуы күтілуде.
