«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағында инвестициялық құны 167 млрд теңге құрайтын, 4762 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 51 жоба іске асырылуда. Жалпы алаңы 306 га құрайды.
Аталған аймақта жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жоба құрылыс жұмыстарын бастады. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 1,5 млрд теңге құрайтын, 125 жаңа жұмыс орындарымен 2 жобаны іске асырылды. Олар: 1. «Юг Plastic Kz» ЖШС ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және үйлерге арналған жаңбыр суағарлары жүйесін өндіру. Жобаның инвестициялық құны – 1,2 млрд теңге, жобалық қуаттылығы – айына 600 тонна, жаңа жұмыс орындарының саны – 100. 2. «Юг Oil Pro» ЖШС мұнай жол битумын қабылдау, сақтау және асфальт өндіру жөніндегі база. Жобаның инвестициялық құны – 300 млн теңге, жобалық қуаттылығы – жылына 255 000 тонна, жаңа жұмыс орындарының саны – 25.
2024 жылы 760 жаңа жұмыс орындарын құрумен 44,3 млрд теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар: 1. «Марьям Ай» ЖШС – автомобиль әйнегін шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 700 млн теңге, 56 жұмыс орындарын құрумен; 2. «Оңтүстік Ғимарат құрылыс компаниясы» ЖШС – асфальтбетон және темірбетон бұйымдарын өндіріетін зауыт, инвестициялық құны – 1,1 млрд теңге, 24 жұмыс орындарын құрумен; 3. «First Concrete company» ЖШС – темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 4,7 млрд теңге, 180 жұмыс орындарын құрумен; 4. «Sauran Bricks» ЖШС – автоклавты газбетон шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 5 млрд теңге, 100 жұмыс орындарын құрумен; 5. «Евро Знак» ЖШС – темірбетон көпір және жол құрылымдарын шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 300 млн теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен; 6. «Wang Sheng Ceramic» ЖШС – керамикалық тақташалар өндірісі зауыты, инвестициялық құны – 25,5 млрд теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен; 7. «ДСК 17» ЖШС – темір-бетон бұйымдарын және бірқатар ілеспе өнімдерді шығаратын зауыт салу, инвестициялық құны – 7 млрд теңге, 300 жұмыс орындарын құрумен айналысады.
Бүгінде, аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 70 пайызға аяқталды.
