ҚАЛАДА 5 ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢДАР ҚҰРЫЛУДА
Қалада жалпы аумағы 867 га құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлесі 371,5 млрд теңгені құрайтын 289 жоба іске асырылатын болады.
Олар:«Жұлдыз» индустриялық аймағы, «Бозарық» индустриялық аймағы, Сауда-логистикалық орталығы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Standard» жеке индустриялық аймағы.
«Жұлдыз» индустриялық аймағында инвестициялық құны 167 млрд теңге құрайтын, 4762 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 51 жоба іске асырылуда. Жалпы алаңы 306 га құрайды. Аталған аймақта жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жоба құрылыс жұмыстарын бастады. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 1,5 млрд теңге құрайтын, 125 жаңа жұмыс орындарымен 2 жобаны іске асырылды. 2024 жылы 760 жаңа жұмыс орындарын құрумен 44,3 млрд теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінде, аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 70 пайызға аяқталды.
«Бозарық» индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта 49,6 млрд теңгеге 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 25 жобалар пулы әзірленді. Қазіргі таңда, жалпы құны 23,8 млрд теңгені құрайтын 4 жоба орналастырылды. Индустриялық аймақтың негізгі мақсаты тамақ өнеркәсібіндегі терең өңдейтін импорт алмастыратын жобаларды қолдау. Бүгінде, аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 80 пайызға аяқталды.
Сауда-логистикалық орталығы 136 га кеңейтілді. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, жеткізуші автомобиль жолының жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеп, сараптама қорытындысы алынды.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 175 га дейін кеңейтілетін болады. Бүгінгі таңда құжаттарды салалық министрліктермен келісу жұмыстары жүргізілуде. Кеңейтілген аумақта жалпы құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жобаны іске асыру көзделуде.
«Standard» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 118 га құрайды. Бүгінгі таңда аталған аймақтың 1-кезеңінің (12 га, 27 132 ш.м.) құрылыс жұмыстары 20 пайызы аяқталды. Онда шағын және орта бизнес өкілдері үшін жалға берілетін 25 өндірістік парктер орналастырылатын болады.
