«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА 5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Биыл «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын 62 жобадан тұрады, олар 3,7 мың жұмыс орнын құруды көздейді.
Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,9 млрд теңге тұратын 38 жоба іске асырылып, 2,6 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 2023 жылы инвестициялық құны 560 млн теңге құрайтын, 110 жаңа жұмыс орындарымен 3 жоба іске асырылды. Олар: «Бона Файд Групп» ЖШС – әйелдерге арналған фитнес киімдерді тігу цехы, инвестициялық құны – 60 млн теңге, 70 жұмыс орындарын құрумен; «Altyn Box» ЖШС – картон қағазын өндіру зауыты, инвестициялық құны – 100 млн. теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен; «Janna Eltanova» ЖШС (1-кезең) – әйелдер киімі, аяқ-киім және шұлық бұйымдарының өндірісі, инвестициялық құны – 400 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен.
2024 жылы 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар: «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – сутегі тотығын өндіру, инвестициялық құны – 4,0 млрд теңге, 25 жұмыс орындарын құрумен; «Balabi textile» ЖШС – шұлық бұйымдары өндірісін кеңейту, инвестициялық құны – 6,5 млрд теңге, 260 жұмыс орындарын құрумен; «Marvik Partners» ЖШС – тоқыма емес материалдар өндірісі, инвестициялық құны – 3,2 млрд теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен; «Cleans Fabric» ЖШС – ылғалды майлықтар өндіру, инвестициялық құны – 837 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен; «Nappa.kz» ЖШС – аяқ киім өндірісі, инвестициялық құны – 400 млн теңге, 59 жұмыс орындарын құрумен айналысады.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 284 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Бұдан бөлек, қалада жалпы аумағы 867 га құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлесі 371,5 млрд теңгені құрайтын 289 жоба іске асырылатын болады.
