ШЫМКЕНТ: 5 ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТА БҮГІНГІ ТАҢДА 330,9 МЛРД. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА 344 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Шымкенттегі 5 өнеркәсіптік аймақта 344 жоба іске асырылуда.
Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 284 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
«ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2023 жылы инвестициялық құны 5,3 млрд теңге құрайтын, 273 жаңа жұмыс орындарымен 2 жоба іске қосылды. Олар: «Shymkent Temir» ЖШС — болат блюм өндірісі зауыты инвестициялық құны – 5,0 млрд теңге, 250 жұмыс орындарын құрумен; «ФерросплавСталь» ЖШС – түсті металл бұйымдарын құюға арналған шағын зауыт, инвестициялық құны – 313,3 млн теңге, 23 жұмыс орындарын құрумен айналысады.
2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар: «Easy Pack» ЖШС – полиэтилен өнімдерін өндіру инвестициялық құны – 347 млн теңге, 8 жұмыс орындарын құрумен; «Бумпром» ЖШС – ПКС маркалы картон өндірісі, инвестициялық құны – 200 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен айналысады.
«ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 2023 жылы жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 2023 жылы инвестициялық құны 6,7 млрд теңге құрайтын, 195 жаңа жұмыс орындарымен 6 жоба жүзеге асырылды. Олар: 1. «Unitex VOSTOK» ЖШС – жиһаз фабрикасы, инвестициялық құны – 350 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен іске қосылған. 2. «NURTAU distribution company» ЖШС – азық-түлік емес өнімдер, дымқыл майлықтар, антисептиктер, сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 4,9 млрд теңге, 40 жұмыс орындарын құрумен іске қосылған; 3. «KEES group» ЖШС – құрылыс профилін өндіру зауыты, инвестициялық құны – 150 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен; 4. «КАЗВОД INVEST» ЖШС – медициналық жиһаз өндірісі (кереует,шкафтар және т.б.), инвестициялық құны – 208 млн теңге, 25 жұмыс орындарын құрумен; 5. «Stroi construction» ЖШС – металл өңдеу және металл конструкцияларын өндіру, инвестициялық құны – 500 млн теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен; 6. «ЭКОФАРМ» ЖШС – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде әртүрлі модификациядағы бір рет қолданатын маскалар, қорғаныс киімдері, обаға қарсы жинақтар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 555 млн теңге, 40 жұмыс орындарын құрумен айналысады.
