ШЫМКЕНТ: 52 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қалада 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,6 трлн теңгеге 224 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 33 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
Оның ішінде, 2023 жылы құны 102 млрд теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 357 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ал 2024 жылы жалпы құны 257 млрд теңгеге 5 432 жаңа жұмыс орындарымен 52 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
Шымкент қаласында өткен жылдың қорытындысымен 128,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 16,4%-ға өсім көрсетті. Өткен жылдың 3-тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 227,5 мың адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 1,86 трлн. теңгені құрап, алдынғы жылдың сәйкес кезеңіне 23,2%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50,5%-ға жетті.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 20,6 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,9 млрд. теңге. Жалпы 2023 жылы 20,6 млрд. теңгеге 3 738 жобаға қолдау көрсетілді.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, 3 498 жобаға (оның ішінде 1 096 жаңа жобалар) қолдау көрсетілді. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 18 686,4 млн. теңгеге 3 113 жобаға; (711 жаңа жобалар); банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 1 129,2 млн. теңгеге 385 жобаға.
«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2023 жылға 765,4 млн. теңге бөлініп, 240 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: шағын несиелендіру бойынша 215 жобаға 669,7 млн. теңгеге; өндірістік алаңдарының жалдау ақысын өтеу бойынша 25 жобаға 95,7 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
