ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ 800 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОСПАРЛАНУДА
Шымкент қаласына 2024 жылы 800 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10,4 %-ға артуы күтілуде. 2023 жылдың 12 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 724,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестциялар көлемі 127 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 597,3 млрд теңгені құрады.
Шымкент қаласында 2023 жылдың қорытындысымен 128,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлғалар – 21,4 мың бірлік, жеке тұлғалар – 100,3 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,8 мың бірлік. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 16,4%-ға өсім көрсетті. 2023 жылдың 3-тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 227,5 мың адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 1,86 трлн. теңгені құрап, алдынғы жылдың сәйкес кезеңіне 23,2%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50,5%-ға жетті.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 20,6 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,9 млрд. теңге. Жалпы 2023 жылы 20,6 млрд. теңгеге 3 738 жобаға қолдау көрсетілді.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, 3 498 жобаға (оның ішінде 1 096 жаңа жобалар) қолдау көрсетілді. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 18 686,4 млн. теңгеге 3 113 жобаға; (711 жаңа жобалар); банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 1 129,2 млн. теңгеге 385 жобаға.
«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2023 жылға 765,4 млн. теңге бөлініп, 240 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: шағын несиелендіру бойынша 215 жобаға 669,7 млн. теңгеге; өндірістік алаңдарының жалдау ақысын өтеу бойынша 25 жобаға 95,7 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
