РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН 869 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫН ШОҒЫРЛАНҒАН

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 869 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 22 – ірі, 45 – орта және 802 – шағын өндірістер. Өткен жылы өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 1 051,0 млрд. теңгені (2022 ж.– 967 млрд. тг.) құрап, өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ — 102,7%) 2,7%-ға артты.

Есепті кезеңде қала өнеркәсібінің көлемі 1 трлн. межеден асты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім өңдеу өнеркәсібінің 1,7%-ға және сумен жабдықтау саласының 38,4%-ға артуы есебінен қалыптасты. Өткен жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2023 жылға жалпы 7 нысаналы индикатор белгіленген: Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында                  нысаналы индикатордың өткен жылдың қорытындысымен орындалуы келесідей.  Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 919,0 млрд теңгені құрады. (Жылдық жоспар – 767 млрд. тг.). Индикатор 19,8%-ға артығымен орындалды. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің жоспары                 70 мың тонна болса, нақты 57,8 мың тоннаны құрады. Индикаторға қол жеткізу «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС және «HILL Corporation» ЖШС есебінен жоспарланған. «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-ның өндіріс көлемі Шымкент мұнай өңдеу зауытының өніміне тікілей байланысты. Алайда, мұнай зауытында жүргізілген жөндеуге және өндірістік факторларға байланысты «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-не шикізат жеткізу көлемі қысқартылып, өндірілген өнімнің көлемі төмендеген. Негізгі капиталға инвестицияларының көлемі 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 3,2 есеге өсті. (Жылдық жоспар — 194%). «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» индикатор бойынша 2023 жылы 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл қорытындысымен «ПроТек-МП» ЖШС, «KAZVOD INVEST» ЖШС, «Ultra Technology» ЖШС және «ЭКО-ФАРМ» ЖШС іске қосылды. «Эко-Фарм» ЖШС-ның медициналық бұйымдар өндірісі жобасы желтоқсан айында іске қосылатын болады (іске қосу актісін алу бойынша жұмыстар жүргізуде).