РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЛАДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН 2523 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТ ТІРКЕЛГЕН

Шымкентте шығармашылық салада қызмет көрсететін 2523 кәсіпкерлік субъект тіркелгені бойынша Туризм, сыртқы байланыстар және кретивті индустрия басқармасы басшысының м.у.а. А. Нұрымбетов ақпарат берді.

Туризм, сыртқы байланыстар және кретивті индустрия басқармасы басшысының м.у.а. А. Нұрымбетов басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалғанын мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес,  2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъект тіркелген, бұл қаланың Шағын Орта Бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 % құрайды. Оның ішінде 489 заңды тұлғалар болса, жеке тұлғалар – 2034»,-деді А.Нұрымбетов.

Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Біз өзіміз қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіледік. Олар: 1. Кино және анимация – 114 бірлік; 2. Дизайн және сән – 156 бірлік; 3. IT және геймдевелопмент – 207 бірлік; 4. Халық қолөнері – 1330 бірлік.

Әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда. Бүгінгі таңда IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды.

Айта кетейік, туристік нысандарды Түркістан облысымен салыстырмалы түрде анализ жүргіземіз. Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз Шымкент қаласынан саяхатын бастаса, бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады. Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды. Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әуежайынан 14 жаңа рейс ашылды. Олар: Солтүстік Қазақстан бағытында: Қостанай-Павлодар; Батыс Қазақстан бағытында: Атырау, Ақтөбе, Ақтау; Шығыс Қазақстан бағытында: Өскемен, Семей; Орталық Қазақстан бағытында: Жезқазған, Қарағанды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша рейстер және чартерлік рейстер қатынап отыр.