МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУДЕ
Бүгінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 40 728 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 7 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Олар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады. Былтыр мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік портал арқылы 40 мыңға жуық қызметпен қамтылған. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары бар. 1153 қызметкер жұмыс істейді. Былтыр 3 538 мың адам оңалту шараларымен қамтылды. Оның ішінде: стационар жағдайда – 816 азамат; жартылай стационар жағдайда – 326 азамат; оңалту орталығына – 495 азамат; үйде қызмет көрсету жағдайында – 953 азамат; уақытша болу жағдайы – 452 азамат; үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 496 адам қызмет алған.
Сондай-ақ, айтып өтейік, өткен жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 879 отбасы, 1418 адам «қандас» мәртебесін алды, ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 61 отбасынан 79 адамды құрады (барлығы 1497 адам). Қандас мәртебесін алған адамның ішінде – 612 ер адам және 584 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар – 391 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 93 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 712 адам. Оның ішінде, білім деңгейі бойынша: жоғары білімді – 121 адам, орта арнайы білімді – 328 адам; жалпы орта білімді – 226 адам, білімі жоқ – 37 адам. Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Өзбекстаннан келген – 1388 адам, Қытайдан – 16 адам, Ресейден – 8 адам, Қырғызстаннан – 1 адам, Ауғанстаннан – 2 адам, Тажікстаннан – 1 адам, Түркиядан – 2 адам. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.
