РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ — ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ЕМДЕЛУГЕ КЕЗЕККЕ ТҰРУЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында қазіргі таңда 89 926 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 2 ұлы Отан соғысы ардагері мен 1950 тыл еңбеккерлері бар. 80 жастан асқан 132 жалғызілікті қарт күн кешуде. Жалғызілікті қарияларға ай сайын 2 АЕК яғни, 6900 теңгеден әлеуметтік көмектер төленуде.

Зейнет жасындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында  Шымкент қаласы бойынша үш «Белсенді ұзақ өмір орталығы» қызмет көрсетуде. Былтыр қарттардың игілігі үшін қала аумағында сыйымдылығы                70 адамды құрайтын «Ізетті зейнеткер» атауымен шипажай ашылды. 2023 жылы сондай-ақ қараусыз қалған қарияларды мемлекет қамқорлығына алу мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №10-шы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылып, қараусыз қалған 40-тан астам қария мемлекет қамқорлығына алынды. Оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 10 мүгедектігі бар қарт осы орталықтан пана тапқан.

Маслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 5000-ға жуық ардагерлер мен зейнеткерлер шипажайларға жолдануда. Былтыр «Денсаулық» профилакториясы, Тараздағы Айша бибі мен Ақсу-демі және Кәусар-бұлақ шипажайларына 4992  адам жолдама алған. Сондай-ақ, шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен  10 күнге ұзартылды.

Былтырғы жылы жалпы саны 26 414 азаматқа әлеуметтік төлемдер төленді. Биылғы жылдың жаңалығы — зейнеткерлердің шипажайларда емделуге кезекке тұруы автоматтандырылды. Аталмыш мемлекеттік қызмет түрі geo-shym.kz/  порталы арқылы жүзеге асырыла бастады. Қарияларымыз енді шипажайға кезекке онлайн тұрып, кезек реттерін өздері бақылай алады. Айта кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек                                      12 725 отбасыға (64 938 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Былтыр мәселен атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 19 022 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде                         11 017 азамат жүгін кезінде жұмысы барлар. 1165 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.