РУС ENG
4 ноября, 2026

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ 426 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУ КӨЗДЕЛГЕН

Шымкентте кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделсе, оның ішінде  3 750 адам «Бастау Бизнес» жобасы  шеңберінде оқуға жолданып, 426 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Есепті кезеңде  882 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырды.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни  жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады.

Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі. Грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).

Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар: Бірінші кезекте: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды; Екіншіден: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс. Өтінім беру үшін:1) порталға тіркелу керек, 2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді); 3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; 4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.

2024 жылы грант екі лекте беріледі, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер айтып өткен порталда қабылданады. Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.