РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ: ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БОЙЫНША 3 732 АДАМДЫ КӘСІПТІК ОҚУҒА ҚАТЫСТЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі  – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл  3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде  нақты 602 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданып, 92 адам оқу ваучері бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап жастарға жеңілдетілген көлемде 2,5% шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 261 адамға 5,0 млн теңгеге дейін 1305,0 млн теңге бөлініп, нақты 263 адам алды. Осы бағытта 2024 жылы 273 адамға 1365,0 млн теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің арасында келісім шарт түзу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 31,7% азайып, 6443  отбасыны құрады. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -31,3% төмендеген.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни  жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады.   Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Олар: атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар.

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамтуда қаламызда іске асырылып жатқан концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және жеке кәсіпкерлердің басатамасымен құрылып жатқан жұмыс орындарының орны айырықша. Шымкент қаласында 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.