РУС ENG
4 ноября, 2026

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНЕ ЗИЯРАТ ЕТУ ТУРИЗМІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

Шымкентте туризмді дамыту мақсатында қаладағы инфрақұрылымдарға мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни сырттан турист келгенде қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар.

Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады. Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енгізілген 7 киелі нысан орналасқан. Басқарманың басты стандартарының бірі, Қ.А. Ясауи кесенесіне бармай тұрып, ең бірінші Сайрамдағы орналасқан оның ата-анасы «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелеріне бару қажет, содан кейін ұстазына және Түркістандағы Қ.А. Ясауи. кесенесіне бару турларын ұлғайтуда. Сондай-ақ, 2021 жылы  жергілікті меценат есебінен Хызыр Пайғамбар мұнарасына 15,0 млн.тг. қаржыға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын        дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз.        Аталған жоспарға сәйкес Қаратау ауданы әкімдігімен 2024-25 жылдар аралығында жылына 80 000 нан аса зияратшы келетін нысандар Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін 1 – этаппен абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда тиісті министрліктен ғылыми – зерттеу жұмыстарын ерте жүргізу мәселесі пысықталуда.

Шымкенттің ең зәкірлі туристтер ең көп келетін іс-шараларды айқындап алынды. Қалаға туристер келетін ең ПИК сезоны ол наурыз айы болып табылады. Жалпы 2024 жылғы жоспар бойынша  «Damdastour», Дипломатиялық корпус, Пресс турлар мен блог турлар, Қазақстандағы «KItf» Алматылық туристік көрмесі, «Shymkent Tourism Awards» форум көрмесін өткізілінеді деп жоспарланған болатын.

Маркетингтік ілгерілетуге келсек: туристік компаниялармен коллоборациялар; креативті индустрия саласының бренд амбассадоры; продакт плейсмент жүйесін іске асыру; аудиохабарламалар жасау; борт журналдардағы туризм саласындағы мақалаларды шығару жоспарлануда.