МЕГАПОЛИСКЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛПЫ КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫН 450 МЫҢ АДАМНАН АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі.
Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілгерілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байланыстар. Және ең соңғысы – креативті индустрия. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда.
Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4 орынды иемденіп отырмыз. Қазіргі таңда 12 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша қала аумағына 420 398 турист келген.
2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді.
Сонымен қоса, 2024 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсиялар өткізілді. Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясына; Мәскеу қаласынан келген туристерге (1 ауқымды) құралған қонақтар тобы. Ақпараттық дүңгіршектер 2024 жыл басынан: Ақпараттық көмек көрсетілген туристер мен қала тұрғындарының саны – 300 жуық адамға қызмет көрсетті.
Өзбекстан республикасы Ташкент қ. 21-22 ақпан күндері «VII Өзбекстан гидтерінің форумы». Өңірлердің тартымды бейнесін құру мақсатында 25 гид-экскурсоводтан құралған делегациямен бірге Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында іс-сапар өтті. Іс-сапар барысында халықаралық туристік нарықты ілгерілету мәселелерін талқылау, гид-экскурсоводтардың туристерге қызмет көрсету саласының дамуына үлес қосу, қалалық туризмді дамыту барысындағы жаңа методикалары талқыланды.
