ТҰРАН АУДАНЫНДА АСФАЛЬТТАНҒАН КӨШЕЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ 80,2 ПАЙЫЗДАН 88,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды. Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.
Ауданда жалпы 597 көше бар. Оның көшесі 254 жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.
—Ауданға қарасты елдімекендерде 45,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Олар Жаңаталап шағын ауданында 17 көше, Қазығұрт шағын ауданында 5 көше, сол сияқты түйткілді Самал,112 сынды шағынаудандарда тозығы жеткен көшелер ретке келтірілетін болады. Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2 пайыздан 88,3 пайызға жетпек.Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Жоспар бойынша 2026 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7 пайызы табиғи газбен қамтылса, 95,2 пайызы электр қуатымен қамтылған. Ауданды толық табиғи газбен қамту да 2026 жылға дейін жоспарланған,-деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құраса 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Тұран ауданы бойынша барлығы 28 балалар ойын алаңшасы мен 6 кешенді алаңша орнату жоспарға қойылған. Сонымен қатар аудандағы 597 көшенің 254- і жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағынауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшедегі 3500 бағананы жарықтандыру жоспарда бар екендігін атап өтті аудан әкімі.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтілді. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.
