ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ
Тұран ауданында инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Қаланың жаңа ауданындағы 21 шағынауданда кәріз жүйесі өткір тақырып болып тұр. Инфрақұрылым мәселелері қашан толық шешіледі? 2024 жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарын ауданның жаңа басшысы Берік Әшірбеков айтты.
Тұран ауданында 220 мың халық тұрады. 500-ден аса көпқабатты тұрғын үй, 40 мыңға жуық жеке жер үй бар. Сондықтан да ауданда әлі де шешімін толық таппаған мәселелер бар. Атап айтсақ, елді мекендердің 90,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал бұл көрсеткіш 100%-ке 2026 жылы ғана жетеді.
Аудан әкімінің айтуынша, Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 % сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7% табиғи газбен қамтылса, 95,2 % электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен – 100 %, 2025 жылы – 100 % сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 % құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 % — ға жеткізу жоспарға қойылған.
2024 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 28 балалар ойын алаңшасы мен 6 кешенді алаңша орнатылады. Сондай-ақ, биыл барлығы 43 көшеге 18 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар салынады. Ауданда жалпы 597 көше болса, оның жартысы, яғни 254 көше жарықтандырылған. Ал 2024 жылы 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана жарық бағанасы орнатылады. Сонымен бірге биыл 82 көшені орташа жөндеуден өтеді.
Тұран ауданы бойынша барлығы 28 балалар ойын алаңшасы мен 6 кешенді алаңша орнату жоспарға қойылған. Сонымен қатар аудандағы 597 көшенің 254- і жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағынауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшедегі 3500 бағананы жарықтандыру жоспарда бар екендігін атап өтті аудан әкімі.
Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көшелер саны 533 болса, тұрғын үйлер саны 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкулов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті.
