2025 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АУДАНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ АУЛАЛАРЫН 100% АБАТТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қаратау ауданы аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. Аталған 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 15 балалар ойын алаңы мен 5 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100% абаттандыру жоспарланған.
Сонымен қатар Қаратау ауданы аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 3 гүлзар салу жоспарлануда. Атап айтсақ, Нұрсәт шағынауданы №17, Нұрсәт тұрғын алабы №19 және Бозарық саяжайында.
Аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданған. Қаратау ауданы аумағындағы Т.Назарбеков, Ұ.Арғынбеков көешелерімен Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан 13 көпқабатты үйдің қасбетіне «Мурал» салу ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11. Ауданда инфрақұрылым жүйесімен қамту бойынша, ағымдағы жылы жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен және электр жарығымен қамту толығымен орындалады. Ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 % құрайды. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтуды қажет ететін елді-мекендер Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы. Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. Сондай-ақ, табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай Т/А, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде.
