АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11.
Ауданда инфрақұрылым жүйесімен қамту бойынша, ағымдағы жылы жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен және электр жарығымен қамту толығымен орындалады.
Ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 % құрайды. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтуды қажет ететін елді-мекендер Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстардың аяқталуына орай, қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Сондай-ақ, табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай Т/А, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.
Айта кетейік, аудан аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса, 20 шақырымды топырақ көшелер құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Ал, 2024 жылы аудан аумағында жалпы 98 көшеге 75,98 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды.
