РУС ENG
4 ноября, 2026

АБАТТАНДЫРУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН 39 АУЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ 2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАНУДА

Еңбекші аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады. 2023 жылы 29 балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған болатын. 27 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 2 шарт бұзылды.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2024 жылы
44 көпқабатты үйдің аулаларын  абаттандыру және жеке секторда
11 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда.

Қалған абаттандыруды қажет ететін 39 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда («11», «12», «Цементшілер», Көксай-2 шағын аудандары мен Қаратөбе, Жұлдыз тұрғын алаптары).

Спорт алаңшаларына келсек, 2022 жылдың қорытындысымен спорт алаңшалар саны 107 дана құрады. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 дана ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 49 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. 2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға қықа тоқталып өтетін болсам: «Жайлы мектеп» жобасымен Ұлағат шағын ауданына және Қарабастау жаңақұрылысы учаскесіне 1200 орындық мектептің құрылысы жүруде. Осы жылы күзде пайдалануға берілу жоспарлануда. Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе» мәдениет үйінің ғимараты ескі, аппатты болуына байланысты 2022 жылы «Диас Проект» ЖШС-і, жобалық сметалық құжаттамасын әзірледі. Мемлекеттік  сатып алу конкурсы жүргізіліп,  «СИГРОСТ» ЖШС-і мердігер мекемесі анықталды. Қазіргі таңда ескі ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи үлгідегі мәдениет нысаны салынатын болады. Өздеріңізге белгілі  Маятас, Тоғыс, Жыланбұзған тұрғын алабында Бадам өзені жағалауына жақын үйлерге келер қауіптің алдын-алу бойынша 2021-2025 жылдарға арналған су тасқыны                                іс-шараларының жол картасы әзірленген болатын. 2022 жылы  4,5 км «SK Best Spec Story KZ» ЖШС–і тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2023 жылы қаржы қаралып, «Бадам» өзені жағалауын бекіту бойынша мердігер мекеме «TOLAGAI-2050» ЖШС-і  анықталды. Казіргі таңда 2,6 км аралыққа құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме “Толағай 2050” ЖШС-ның  демеушілігімен  Маятас тұрғын алабында Бадам өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге эскиздік сызбасы әзірленіп, көпірге қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қолданысқа берілді.