ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ТАРАПЫНАН БИЫЛҒА 5 ГҮЛЗАР САЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылға 5 гүлзар салу жоспарланған. Аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқа тоқталып өтетін болсам:
«Жайлы мектеп» жобасымен Ұлағат шағын ауданына және Қарабастау жаңақұрылысы учаскесіне 1200 орындық мектептің құрылысы жүруде. Осы жылы күзде пайдалануға берілу жоспарлануда.
Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе» мәдениет үйінің ғимараты ескі, аппатты болуына байланысты 2022 жылы «Диас Проект» ЖШС-і, жобалық сметалық құжаттамасын әзірледі.
Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, «СИГРОСТ» ЖШС-і мердігер мекемесі анықталды. Қазіргі таңда ескі ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи үлгідегі мәдениет нысаны салынатын болады.
Өздеріңізге белгілі Маятас, Тоғыс, Жыланбұзған тұрғын алабында Бадам өзені жағалауына жақын үйлерге келер қауіптің алдын-алу бойынша 2021-2025 жылдарға арналған су тасқыны іс-шараларының жол картасы әзірленген болатын. 2022 жылы 4,5 км «SK Best Spec Story KZ» ЖШС–і тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.
2023 жылы қаржы қаралып, «Бадам» өзені жағалауын бекіту бойынша мердігер мекеме «TOLAGAI-2050» ЖШС-і анықталды. Казіргі таңда 2,6 км аралыққа құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер мекеме “Толағай 2050” ЖШС-ның демеушілігімен Маятас тұрғын алабында Бадам өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге эскиздік сызбасы әзірленіп, көпірге қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қолданысқа берілді.
Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
