ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: 2024 ЖЫЛҒА ҰЗЫНДЫҒЫ 56 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 78 КӨШЕНІ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) асфальт, 177,38 шақырымы (24,2%) тас, 19,76 шақырымы (2,7%) топырақты құрайды. 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтті.
2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарлануда. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауында.
Сонымен қатар, 12 көшеге ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын шағал тас төсеу және аудан аумағында бірінші қажетті көшелерге
10,3 шақырым аяқ жол салу жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан аумағында жарықтандырылған көше саны — 117. 2021 жылы 18 көше жарықтандырылса, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы – 28 көшені жарықтандыру жоспарда бар. 2024 жылы – 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Қазіргі таңда техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 317-ні құрап, аудандағы жарықтандыру көрсеткіші 16,0%-дан, 43,5%-ға жететін болады.
Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды. Ал, 2023 жылы 19 мекен-жайға ұзындығы 8,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС-тері жүргізді. 2024 жылы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын 8 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
