РУС ENG
4 ноября, 2026

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІН 100%-ҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Еңбекші ауданында 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.

Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. 2023 жылы Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды.

Жұлдыз, Жалын, Қарабастау, Қаратөбе тұрғын алабы және Еламан, Еңлік гүл (Оңтүстік ш.а.) көшелері       2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,3%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,5% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. 2022 жылы аудан аумағындағы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылды. Олар: Абдуллабад-484 аб., Тұрдыабад-411 аб, Бадам-1-153 аб., Оңтүстік ш/а-380 аб., Қаратөбе-124 аб., Тоғыс-11 аб., Маятас-93 аб., Айнатас-17 аб., Бадам-340 аб.

2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) елді мекендерінде «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Кезекті бюджетті нақтылау сессиясына ұсынылады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылды.

Ал, 2024 жылы Қарабастау Жаңақұрылысында (120 абонент) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірлеу және ОЖТ тарапынан 19 трансформатор мен 33,4 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда. Ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында (2248 аб. «Алем Строй1»ЖШС),  кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді («Спецкоммунстрой» ЖШС-і,). Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.